Титулды қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда спортшыға оңтүстіккореялық Шин Джэ Ён қарсылас атанды. Жекпе-жек үш раундқа созылды.
Бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті кореялық боксшыға берді. Екінші раундта оған ескерту жасалып, ұпайы шегерілді. Ал шешуші раундта жекпе-жекті өз қолына алған Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде қазақ боксшысы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Енді оның еншісінде кем дегенде Азия ойындарының қола жүлдесі бар. Келесі кезеңде спортшы Филиппин өкілі Карло Пааламмен кездеседі.
Сабырхан – World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы. Былтыр ол осы ұйым өткізген жарыста әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ спортшы 2023 жылы IBA өткізген әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.
