Мексикада футболдан әлем чемпионаты басталды. Шараның салтанатты ашылу рәсімі Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazsport.kz.
Іс-шара барысында Шакира, Бурна Бой, Джей Бальвин сынды әлем жұлдыздары өнер көрсетті.
Биылғы турнирді үш ел қабылдап отыр. Әр мемлекет өз стадионында жеке ашылу шоуын ұйымдастырады.
Турнир 19 шілдеге дейін жалғасады.
Жалпы додаға 48 құрама қатысып, 104 матч өтеді. Тартысты бәсеке "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көре аласыздар.
