in

Мексика ұлттық құрамасы футболдан әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Мексика ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Африка командасын жеңді, деп хабарлайды astana24.com.

А тобындағы алғашқы кездесу Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Гол соққандар: шабуылшылар Хулиан Киньонес (9-минутта) және Рауль Хименес (67-минутта). Нәтижелі пас бергендер: жартылай қорғаушы Эрик Лира, шабуылшы Роберто Альварадо.

Ал Оңтүстік Африка құрамасы матчты 10 адаммен аяқтады. Жартылай қорғаушылар Яя Ситхоле (49) мен Тхемба Зване (84) қызыл қағаз алды.

Қосымша уақытта (90+2) Мексика құрамасының қорғаушысы әрі команда капитаны Сесар Монтес та алаңнан қуылды.

Дегенмен турнирдің ашылу матчында жеңіске жеткен Мексика үш ұпай жинады. Оңтүстік Африкада ұпай жоқ. Сондай-ақ А тобында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары бар.

2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне алғаш рет 48 команда қатысып отыр.