in

Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды astana24.com Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.