Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен 2027 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатына төрт команда – Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай қатысты.
Чемпионат айналмалы жүйе бойынша өтті, онда әр команда жалпы үш кездесуден өткізді.
Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарынан 0:4 есебімен ұтылып, турнирді сәтсіз бастады. Екінші турда команда Қытайға 1:2 есебімен жол берді, Қазақстан тарапынан жалғыз шайбаны София Зубкова соқты.
Соңғы матчта Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңді. Шайба авторлары: София Зубкова, Аида Олжабаева, Пернеш Ашимова, Малика Алдабергенова және София Муравьёва.
Осылайша, қазақстандықтар үш ұпай жинап, турнирді үшінші орында аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құрама Азия чемпионатында үшінші рет қатарынан қола медаль иеленіп отыр.
Кореялықтар төртінші орынға тұрақтады, ал чемпиондық атақ үшін Жапония мен Қытай құрамалары өзара бақ сынайды.
