in

Бибісара Асаубаева Норвегияда беделді шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

Бибісара Асаубаева шахматтан Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын бірінші орын алды, деп хабарлайды astana24.com Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 25 мамырда басталған бәсеке Осло қаласындағы Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.

Бибісараның қарсыластары:

Бұл турнир Бибісара үшін дебют болды.Ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.

Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады.

Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, ерлер мен әйелдер турнирлерінің жеңімпаздарына 700 000 норвегиялық крон беріледі. Демек Бибісара Асаубаева шамамен 36,3 миллион теңге табыс тапты.