Air Astana әуекомпаниясының ұшақтары Дубайға қайта қатынай бастайды. Бұл туралы әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр.
"Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады", – делінген хабарламада.
Ұшу кестесі кезең-езеңмен кеңейтілетін болады:
Алматы-Дубай-Алматы
Астана-Дубай-Астана
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
"Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты ақпанның соңында Таяу Шығыс елдеріне соның ішінде Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатқан болатын.
