Cincinnati Open турнирінде өнер көрсетуін аяқтаған Елена Рыбакина 154 мың доллардан астам сыйақы алды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған astana24.com.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирді ширек финалда аяқтады. Осы нәтижесі үшін спортшыға 154 210 доллар сыйақы беріледі.
Бұдан бөлек, ол 215 рейтингтік ұпай еншіледі.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Cincinnati Open-2026 турнирінің басты фавориттерінің бірі саналған болатын – ол жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелді. Алайда Ига Швентекке қарсы матчта денсаулығы сыр беріп, турнирді жалғастыра алмады.
Биыл турнир жеңімпазы 1 086 220 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Жалпы Рыбакина Швентекке қатарынан екінші рет жол беріп отыр. Өткен аптада қазақстандық теннисші Торонтодағы (Канада) турнирдің финалында да есе жіберген болатын.
