Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кирилл Проходов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында семсерлесуден жарыстар жалғасып жатыр.
Кезекті сайыс күнінде әйелдер арасында қылышпен, ал ерлер арасында шпагамен семсерлесуден жекелей сындар өтті. Қылышпен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай мен Анастасия Гулик 1/8 және 1/16 финал межесінен өте алмады.
Шпагамен семсерлесуден құрама көшбасшысы Руслан Курбанов 1/8 финалда Гонконг өкілі Хо Тин Нгтен жеңіліп қалды.
Ал Кирилл Проходов финалға дейін жеткенімен, шешуші сәтте 2024 жылғы жапониялық семсерлесуші, Олимпиада чемпионы Коки Каноға 13:15 есебімен есе жіберіп, құрлықтық ойындардың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық спортшы – Азия чемпионы, сондай-ақ 2026 жылғы әлем біріншілігінің командалық жарысында жеңіске жеткен.
