Швеция мен Жапония құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі өзара кездесуде жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
F тобындағы үшінші тур матчы Техас штаты Арлингтон қаласындағы "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жапон құрамасының шабуылшысы Дайдзен Маэда (56-минутта) әріптесі Рицу Доанның берген пасымен гол соқты.
Шведтер вингер Виктор Дьекерештің ассистімен шабуылшы Энтони Эланганың (62) салған голының арқасында есепті теңестірді.
Жапония бес ұпаймен екінші орыннан көрініп, плей-оффқа шығуға мүмкіндік алды. Олар 1/16 финалда Бразилиямен кездеседі.
Швеция топта төрт ұпаймен үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Скандинавия құрамасының келесі қарсыласы кейінірек анықталады.
