in

Депутат үкіметті қаржылық жағдайы тұрақсыз отбасымен салыстырды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым елдегі мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін қаржылық жағдайы тұрақсыз отбасымен салыстырды, деп хабарлайды astana24.com.

"Кез келген болашағын ойлаған жауапты отбасы өз мүмкіндігін есептеп өмір сүреді. Айлық табысын жоспарлайды, шығынын реттейді, үнем жасап, қор жинайды. Егер отбасы жыл басында жасаған жоспарын жыл ішінде қайта-қайта өзгертіп, бір қарызын екінші қарызбен жауып, жинақтағы қаражатын күнделікті қажеттілікке жұмсай бастаса, оның қаржылық жағдайын тұрақты деп айта аламыз ба?

Өкініштісі, Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы мемлекет қаржысын басқаруда дәл осындай алаңдатарлық белгілердің бар екенін көрсетіп отыр.

Біз экономика өсіп жатыр деп жиі айтамыз. Жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы айтамыз. Инвестиция көлемін айтып мақтанамыз. Бірақ қоғамды толғандыратын басты сұрақ басқа. Ол – осы өсім қарапайым азаматтардың өміріне қалай әсер етуде? Халықтың тұрмысы жақсарды ма?" – деп мәлімдеді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, аудит нәтижесі үкімет жұмысындағы бірқатар жүйелі кемшілікті анық айқындап берген. Депутат оның ішіндегі басты мәселелердің бірі ретінде бюджетті жоспарлау сапасының төмендігін және инфляцияны тежеудегі сәтсіздікті атады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от mazhilis.kz (@mazhilis.kz)