Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Қазақстанның Салық кодексіне бірқатар түзету енгізілді, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды astana24.com.
Заңға сәйкес Салық кодексіне бірқатар терминологиялық түзету енгізіледі.
Кодекс мәтініндегі:
Одан бөлек "Парламент" сөзі "Құрылтай" болып ауыстырылады. Сондай-ақ бірқатар бапқа "ҚР Құрылтайы" және "Қазақстан Халық Кеңесі" деген тіркестер қосылады. Ал "республикалық референдум" "жалпыхалықтық референдум" деп атала бастайды.
Сондай-ақ "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар" деп тізімдеу тәртібі "астаналар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деп өзгереді.
Айта кету керек, заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
