Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарлайды astana24.com KASE-ге сілтеме жасап.
Құжатта директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биыл 7 сәуірінде қабылданғаны айтылған.
Айта кетейік, Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтарда кірген еді.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңында Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен кетті.
Сәуірдің басында Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесіндегі орнын босатты.
