in

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 10:00-де Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Алматы облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.