Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Алтай мен Ербол Адаевты қызметінен босату туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы astana24.com президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақорданың Telegram-арнасында хабарлағандай, мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ президент өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Еске салсақ, бүгін 27 тамызда Тоқаев Дархан Ахмедиевті қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатқанын жазған едік.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісін қызметінен босатты.
