Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми Консультативтік кездесуге қатысу үшін Шолпан-Атаға барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды", – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары 31 шілдеден 1 тамызға дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aqorda (@akordapress)
