Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана полициясы "Болашақ ойындары" халықаралық турниріне байланысты 29 шілде мен 9 тамыз аралығында күшейтілген жұмыс режиміне көшетінін хабарлаған еді.
