in

Бүгін Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған astana24.com.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды

Президенттің үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі", – деп жазды Айбек Смадияров Telegram-дағы арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау алдында қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.