in

Павлодар облысындағы қалаға жаңа әкім келді

ҚР Президенті әкімшілігінің, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Ақсу қаласының әкімі лауазымына Әнуарбек Аманов тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Әнуарбек Дүйсембайұлы 1986 жылы дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "автомобиль және трактор жасау" мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2009-2023 жылдары тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қызмет атқарып, бас маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолынан өткен.

2023-2024 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ал Ақсу қаласының бұрынғы әкімі Болатбек Шәріпов денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кеткен.