Германияда ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Берлиннен Мюнхенге келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесіп, оны Қазақстанға шақырған еді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
