in

Қазақстанда Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні басталды

Бүгін, 22 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні басталды. Түн ортасынан бастап кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін, 22 тамызда сағат 00:00-ден Қазақстанда тыныштық күні басталды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат қызметі заңсыз саналады.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, тыныштық күні – бұл дауыс беру күнінің алдындағы күн, бұл уақытта кез келген кандидаттар мен саяси партияларды қолдап көпшілік алдында сөз сөйлеуге, үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні немесе оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум өткізілетін күні немесе оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізгендерге айыппұл салынады: