in

Қазақстан паспорты ШЫҰ елдері бойынша үздік төрттікке енді

Қазақстан паспорты халықаралық сапарлар мүмкіндігі бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері арасында төртінші орынға ие болды. Ол Орталық Азияда рейтинг көшбасшысы атанды, деп хабарлайды astana24.com.

Қазақстан халықаралық сапарлар мүмкіндігі бойынша ШЫҰ елдерінің үздік төрттіктің қатарына енді. Passport Reports рейтингінде еліміз тек Ресей, Қытай және Беларусьтен кейін тұр.

Зерттеуге ұйымға мүше он мемлекеттің паспорты кірген. Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран және Пәкістан төлқұжаттарынан жоғарыда тұр.

ШЫҰ елдерінің толық рейтингі мынадай:

Ресей, Қытай, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Пәкістан.

Passport Reports авторлары бұл тізімде тек ШЫҰ-ға кіретін мемлекеттер салыстырылғанын айтады.