in

Азия Пара ойындары: Диас Кенжебек рекорд орнатып, ел қоржынына бесінші алтынды салды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚР ҰОК-қа сілтеме жасаған astana24.com.

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.

Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда Диас SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс медаль алды.

Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі.

Ал Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс жүлдегер атанған болатын.