in

Жапаров пен Бердімұхамедов Астанада жүр: тағы екі елдің президенттері Қазақстанға келді (фото)

Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, деп хабарлайды astana24.com.

Қазақстан үкіметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Қазақстан астанасына келді.

Сондай-ақ Түрікменстан президенті Қазақстан астанасына келді. Сердар Бердімұхамедов те RES-2026 саммитіне қатыспақ.

Еске салсақ, бұған дейін Тәжікстан президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астана қаласына келгенін жазған едік.

Сонымен қатар Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты қарсы алғанын жазған болатынбыз.