in

Мұрат Қайырбек президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды

Мұрат Қайырбек президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.