Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл қызметке Есет Байкен келді. Бұған дейін ол Астана әкімінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.
Мансабын 2008 жылғы желтоқсанда Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастаған.
18.02.2009 – 16.07.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы.
16.07.2009 – 28.10.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
28.10.2010 – 23.11.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы.
23.11.2010 – 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы.
07.03.2013 – 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы.
26.08.2013 – 08.08.2016 ж. – Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.
09.08.2016 – 01.08.2017 ж. – Қазақстан президенті әкімшілігі хатшылығының сарапшысы.
02.08.2017 – 31.01.2019 ж. – Қазақстан президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
01.02.2019 – 03.07.2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі.
29.08.2019 – 2020 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы.
14.10.2020 – 02.2022 ж. – "Сарыарқа" ауданының әкімі.
09.02.2022 – 19.09.2022 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылғы 19 қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті лауазымынан босатқан еді.
