Яндекс Go пайдаланушылары үшін Атырау, Тараз, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Орал және Қарағанды қалаларында "Бірге" тарифі қолжетімді болды. Бұл тариф бағыты ұқсас жолаушымен бірге сапарлап, жол ақысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Соның ішінде сұраныс жоғары кезеңдерде де сапар құны тиімді болуы мүмкін.
"Бірге" тарифімен сапар құны "Эконом" тарифіне қарағанда 30%-ға дейін төмен болуы мүмкін. 2025 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы сервис пайдаланушылары "Бірге" тарифінің арқасында 9 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеді.
"Бірге" тарифімен сапарға тек бір адам және ірі багажы болмаған жағдайда тапсырыс бере алады. Көлікте бір уақытта екі жолаушы сапарлайды, олардың әрқайсысы "Бірге" тарифімен жеке тапсырыс рәсімдейді.
Тариф таңдалған кезде сервис бағыты ұқсас сапарлас жолаушыны автоматты түрде іздейді. Іздеу тапсырыс рәсімделгеннен кейін бірден басталып, сапар барысында да жалғасуы мүмкін. Сәйкес сапарлас табылса, жүргізуші жолай оны алып кетеді. Ал сапарлас табылмаған жағдайда жолаушы үшін сапар құны өзгермейді.
Бұған дейін "Бірге" тарифі Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы Яндекс Go пайдаланушыларына қолжетімді болған.
