Қазақстандықтардың сүйікті маркетплейсіне айналған Wildberries өз тұтынушылары үшін қызмет аясын кеңейтіп жатыр. Енді онда ойыншықтар, үйге арналған бұйымдар, гаджеттер мен киім-кешекке ғана емес, сондай-ақ балғын азық-түлікке де тапсырыс бере аласыз. Маркетплейс Қазақстанда e-grocery жедел жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды astana24.com.
Жеткізу қызметі қалай жұмыс істейді
Бастапқы кезеңде бұл қызмет Алматы мен Астана тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр, ал алдағы уақытта компания жоба аясын еліміздің басқа да қалаларына кеңейтуді жоспарлауда.
Бұған дейін Wildberries-тен тапсырысты бірнеше күн күтіп, тауарды қабылдау пунктінен алып кету қажет еді, бүгінде сатып алушылардың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейе түсті:
Осылайша, сатып алушылар өздеріне ыңғайлы уақыт пен тиімді шарттарды таңдай алады. Ал дәл қазір қажет болып тұрған азық-түлік немесе бірінші кезектегі тауарларға тапсырыс беру үшін қолданушыларға ешқандай қосымша бағдарлама жүктеудің қажеті жоқ – бұл қызмет Wildberries-тің бұрыннан бар ыңғайлы қосымшасында қолжетімді.
Іздеу жолағына қажетті тауардың атын жазып, оны себетке жіберу жеткілікті.
Оның үстіне, тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін e-grocery себеті мен қарапайым тауарлар себеті бөлек көрсетіледі.
Жаңа қызметте қандай тауарлар қолжетімді?
Wildberries өкілдері атап өткендей, e-grocery сегментінде өнім балғындығы мен сапасы сервис үшін басты орында. Сол себепті Қазақстанда жедел жеткізуді іске қосу үшін сенім артуға болатын, уақыт сынынан өткен серіктестер таңдалды: ірі METRO ритейлері және қос мегаполистің танымал базарлары – Көк базар мен Сауран базары.
Бұл қолданушыларға үйреншікті фермерлік өнімдерді сауда орындарына бармай-ақ сатып алуға мүмкіндік бермек. Ал тапсырыстарды жинақтаушылар болса, қызметін кәсіби деңгейде орындап, азық-түлікті дәл "өзіне алып жатқандай" таңдайды.
Жаңа бөлімде барлығы алты мыңнан астам тауар түрі ұсынылған. Сатып алушыларға азық-түліктен бөлек, балғын көкөністер мен жеміс-жидектер, ет, сүт өнімдері, сусындар, үйге арналған тауарлар, косметика, тұрмыстық химия және зоотауарлар қолжетімді.
Өнім қалай жеткізіледі?
Өнімдер Wildberries қоймаларында сақталмайды, себебі платформа мұндай жағдайда тек витрина әрі тапсырыс беруге арналған бірыңғай цифрлық алаң ретінде ғана өз қызметін ұсынады. Ал өнімдерді сақтау, жинақтау және жеткізу міндеті маркетплейстің тікелей серіктестеріне жүктелген, олар мұны Instashop сервисі арқылы жүзеге асырады.
Мұндай формат жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға жағдай жасайды, сондай-ақ сатылатын өнімдердің балғындығына кепілдік береді.
Егер сатып алушыда қандай да бір тауардың сапасына немесе балғындығына қатысты шағым туындаса, Wildberries-те тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ашық әрі жедел механизмі қарастырылған: тауарды қайтару қолданбадағы немесе сайттағы жеке кабинетте бір-екі батырманы басу арқылы рәсімделеді (тауардың фотосын тіркеу жеткілікті).
Өтініш қаралғаннан кейін сатушы сапасыз тауарды өзі (жеке курьерлік қызметі арқылы) жедел түрде алып кете алады немесе тауарды кері қайтармай-ақ, тұтынушының картасына ақшасын бірден аудару туралы шешім қабылдайды.
Ал даулы жағдайларда Wildberries тәуелсіз төреші ретінде әрекет етіп, сатып алушы мен сатушының әділ мәмілеге келуіне көмектеседі.
E-grocery қызметі Wildberries үшін неліктен маңызды?
Компания өкілдері e-grocery қызметінің іске қосылуын Wildberries-тің Қазақстандағы дамуының кезекті маңызды белесі деп бағалап отыр. Бұл цифрлық платформаның әлеуеті мен жергілікті компаниялар мен кәсіпкерлердің инфрақұрылымын тоғыстырады. Мұндай формат сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да тиімді болмақ, өйткені оларға аудиториясы кең, дайын әрі ыңғайлы алаң ұсынылады.
"Ірі гросери-серіктестердің бізге қосылуы Wildberries платформасында Food Tech бағытының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Біз сатып алу процесін барынша жеңілдетуге тырысамыз: қолданушылар бір ғана қосымша арқылы киім-кешек, электроника, гүлдер немесе авиабилеттер сияқты үйреншікті тауарларды ғана емес, сонымен бірге танымал мейрамханалар мен жеткізу сервистерінен дайын тағамдарды да тапсырыспен алдырта алады. Wildberries серіктестік желісін кеңейте отырып, күнделікті қажеттіліктердің барлығын бір жерден өтейтін бірыңғай цифрлық кеңістік қалыптастырып жатыр", – дейді RWB сатушы күшімен жеткізу бағытының жетекшісі Елизавета Шлеин.
Бұл шешім қазақстандықтардың күнделікті тіршілігін жеңілдете түспек, өйткені енді базарға "барып-қайту" үшін үйден шығудың да қажеті жоқ.
Өз кезегінде экспресс-жеткізу қызметі Wildberries платформасына қазақстандық серіктестердің көбірек тартылуына ықпал етуде. Платформаның кез келген деңгейдегі бизнеске бейімделген икемді экожүйесінің арқасында жергілікті кәсіпкерлер әр түрлі жұмыс моделін ыңғайына қарай пайдалана алады:
Қазақстандағы e-grocery
Қазақстанда e-grocery нарығы салыстырмалы түрде жақында, соңғы бірнеше жылда ғана дами бастады. Десе де осы уақыт ішінде ол ең қарқынды өсіп келе жатқан бағыттардың біріне айналып үлгерді. Алғашында сатып алушылар балғын өнімдерді өз көзімен көріп, қолмен ұстап таңдағанды жөн көретін.
Бұл үрдіске коронавирус пандемиясы үлкен бетбұрыс әкелді. Енгізілген шектеулерге байланысты онлайн-сауда, азық-түлік пен дайын тағамға үйден тапсырыс беру қызметі қарқынды дами бастады.
Супермаркеттер жеке жеткізу қызметтерін іске қосып, арнайы экспресс-жеткізу платформалары пайда болды. Ал маркетплейстер мен e-grocery сегментінің бірлесе жұмыс істеуі компанияларға жаңа тиімді модельді қолдануға жол ашты: тауарлар серіктестердің сауда нүктелерінен тікелей жинақталып, тұтынушыға жылдам жеткізіледі. Бұл ассортиментті арттыруға және жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді.
Ал дәстүрлі базарлармен серіктестік орнату – балғын жеміс-жидек, көкөніс, ет және басқа да фермерлік өнімдерге тапсырыс беру мүмкіндігінің арқасында бұл саланың дамуына жаңа серпін бермек.
