Алматы төрінде танымал актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы өтті. Күйеу жігіт пен қалыңдықты құттықтауға шоу-бизнестегі танымал тұлғалар келді, деп хабарлайды astana24.com.
Қуанышты күннен түсірілген кадрларды Дариға Бадықова мен Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.
Олжас Абай Instagram-дағы парақшасында "Екі ананың дұғасы қабыл болған күн" деп жазба қалдырса, Дариға Бадықова "Халықтың тілеуі қабыл болды. Біз тек келістік. Той 12.10.2026!" – деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Олжас Абай (@ochooou_o)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)
Өнер иелерінің қуанышына ортақтасуға отандық шоу-бизнес өкілдерінің барлығы дерлік жиналған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)
Олардың қатарында Ерке Есмахан мен RaiM, Айқын мен Жұлдыз, Жанболат пен Жазира, Мөлдір Мұқанова, Алтынай Жорабаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Гүлнұр Мамасарипова, Құралай Анарбекова және басқа да танымал тұлғалар бар. Қонақтар ән айтып, би билеп, көңілді сайыстарға қатысқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жазира Баирбекова (@zhazira_bairbekova)
Күйеу жігіт пен қалыңдық та шет қалмай, өз тойларында өнер көрсетті. Олжас Абайдың Дариғаға арнаған жүрекжарды әні бүкіл залды тебірентті.
Бұл маңызды күні Дариға сәнді ақ көйлек кисе, Олжас қара түсті классикалық костюм мен ақ жейде таңдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)
Әлеуметтік желі қолданушылары актерлерді жаңа өмірге қадам басуымен құттықтап, ақ тілектерін жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)
Сондай-ақ салтанатты шарадан түсірілген видео мен фотолар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай "Таптым-ау сені", "Таптым-ау сені 2", "Таптым-ау сені 3", "Тастаймын-ау сені", сондай-ақ "Ыстық ұя" фильмдеріне бірге түскен болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жазира Баирбекова (@zhazira_bairbekova)
