in

Майкл Бэй мен Стивен Спилберг "Трансформерлер" фильміне оралуы мүмкін

Paramount студиясы Стивен Спилбергті жаңа "Трансформерлер" фильмін әзірлеуге жетекшілік етуге шақыруды жоспарлап отыр, ал Майкл Бэй режиссерлік креслоға қатысты келіссөз жүргізуде, деп жазды Gizmodo-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Екі кинорежиссер де продюсер Лоренцо ди Бонавентурамен бірге 2007 жылы кинотриумфқа айналған түпнұсқа франшизаның негізін қалаған еді. Студия басшылығы олардың оралуы франшизаны бастапқы қалпына келтіруге және алғашқы бөлімдердің рухын қайта жаңғыртуға көмектеседі деп үміттенеді.

Жаңа туындының сценарийін "Оно: Добро пожаловать в Дерри" сериалымен жұмыс істеген Джейсон Фукс жазды. Дәл осы сюжет режиссерлердің қызығушылығын тудырып, оларды оралу мүмкіндігін қарастыруға итермеледі. Оқиғаның егжей-тегжейі әзірге ашылмай отыр, алайда фильмдегі оқиғалардың қазіргі уақытта өрбитіні белгілі.

Аңызға айналған дуэтті тарту туралы шешім "Трансформерлер: Восхождение Звериботов" фильмінің соңында шет жағасы айтылған "G.I. Joe" франшизасымен кроссоверден бас тарту аясында қабылданды. Продюсерлер бірлескен фильмнің орнына негізгі серияны қайта іске қосуға және бастапқы тұжырымдамаларға оралуға назар аударуды жөн көрді.