in

Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды (видео)

Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Таиландта жоғалып кетті делінген рэпер Кисло-Сладкий (шын есімі – Дархан Жұмабек) аман-есен табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды astana24.com.

Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

"Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", – делінген жазбада.

Telegram-дағы SHOT арнасының хабарлауынша, әртіс Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының айтуынша, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.

Айта кетейік, жақында қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Соған байланысты ол миграциялық полицияға жүгінген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от / өнертанушы (@parasat.top)