Қазақстандық эстрада әншісі Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат тарады. Желіде ол "астаналық бойжеткенге тиісті" деп айыпталған. Бұған қатысты Астана қалалық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді, хабарлайды astana24.com.
Telegram-дағы Egov.press арнасының хабарлауынша, чаттарда қыз зорлау туралы хабарлама тарады. Қыздың шағымында Қайрат Нұртастың аты аталады-мыс.
Астана полиция департаментіндегілер NUR.KZ тілшісіне қыз зорлау айыбының расталмағанын мәлімдеді.
"Жазбаларда келтірілген уәжге қатысты – 10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылғы қыздан қала қонақ үйлерінің бірінде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түскенін хабарлаймыз" , – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері заңда белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріс жүргізген.
"Алдын ала анықталғаны – қонақ үйге тоқтаған екі қонақ арасында жеке себептермен жанжал туындаған, қазір ол шешілді.
Өтініш беруші шағымданудан бас тартты" – деп атап өтті Астана полиция департаменті өкілдері.
