in

Алматыда 29 қарашада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы тегін болады

Жексенбі, 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарын сайлау күні Алматыда қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған astana24.com.

Алматы қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауынша, қалалық автобустардың, троллейбустардың және метроның барлық бағыты бойынша күні бойы тегін жүруге болады.

Бұл шара дауыс беру күні қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көліктің жұмысын ескере отырып, сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.