in

Ақмола облысында 10 жасар бала суға батып кетті: құтқарушылар ескерту жасады

Ақмола облысындағы су айданында қайғылы оқиға тіркелді. Өңірдегі каналға 10 жасар бала батып кеткен. Сондай-ақ құтқарушылар тағы бір қайғылы жағдайдың алдын алған, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған astana24.com.

ТЖД-ның мәліметінше, қайғылы оқиға Қосшы қаласында Нұра-Есіл каналында болған.

"Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған", – делінген хабарламада.

Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен 10 жасар баланың денесі табылып, судан шығарылған.

Сондай-ақ құтқарушылар "Д" есебінде тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Бақытымызға орай, ересектердің қарауынсыз қалған бала аман-есен табылды", – делінген хабарламада.

Осы орайда Ақмола облыстық ТЖД тұрғындарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауды, шомылуға тек арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат етілетінін ескертті.