Астанада марафонға байланысты 6-7 маусымда бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Әкімдіктің мәліметінше, елордада 7 маусымда Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады.
Осыған байланысты 6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.
Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:
"Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет", – делінген хабарламада.
