in

Бүгін де Алматыда жаңбыр күтіледі

8 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с.

Астанада күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтіледі. Күндіз 39 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с.