Астана, Алматы мен Шымкентте 26 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,2 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз 37 градусқа дейін ысиды, ал түнде ауа температурасы 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с деңгейінде болмақ.
