in

Мектепте смартфон ұстауға тыйым салу: министр жаңа ереженің кімдерге қатысты болатынын түсіндірді

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепте смартфон ұстауға тыйым салу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com.

Министрдің айтуынша, жоғары сынып оқушыларына мектепте смартфон ұстауға тыйым салуға қатысты талқылау әлі жалғасып жатыр.

"Жоғары сыныптарда бізде көптеген пән онлайн-платформалар арқылы оқытылады, сондай-ақ ҰБТ мен SAT-қа дайындық жүреді. Сондықтан бұл тұстарды мұғалімдермен әлі де талқылайтын шығармыз.

Ал өзге жағдайларда – 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ уақытында смартфондарын өткізуі керек болады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.