1 қазаннан бастап қазақстандықтарға жұмыссыз мәртебесін алғанға дейін лайықты жұмыс орнын табуға көбірек уақыт беріледі. Бұрын бұл кезең екі күн ғана болған еді, деп хабарлайды Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның мәліметінше, жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімі екі күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Жаңа ережелер 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
"Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады.
Егер адамға лайықты жұмыс 13 күн өтпей-ақ табылса, осы мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ", – делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындарын ұсынумен қатар, азаматқа оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орнына орналасу және басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.
"Бірінші қадам жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Ол үшін мансап орталығына жүгінуге, eGov арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz порталында тіркелуге болады", – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (@enbekgovkz)
