Кеше Қазақстан аумағында S7 әуекомпаниясының ұшағы дабыл белгісін қосып, көп ұзамай Омбыға аман-есен қонды, деп хабарлайды astana24.com РБК-ға сілтеме жасап.
Бүгін Новосибирск – Махачкала бағытындағы әуе рейсінің экипажы Қазақстан әуе кеңістігінде дабыл белгісін бергенін жазған едік. Кейінірек оған техникалық ақау себеп болғаны белгілі болды.
Кейін әуе кемесі Омбы әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ бортында 170-тен астам жолаушы болған. Ұшақтың Көкшетау маңында кері бұрылғаны айтылды.
РБК мәліметінше, тергеушілер ұшақтың шұғыл қонуына байланысты тексеріс ұйымдастырды. Тексеріс "Әуе көлігінің қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" белгілері бойынша жүргізіліп жатыр.
"Тергеушілер мен криминалист-тергеушілер тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
