Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды astana24.com "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды, күн райы тұрақсыз болады деп күтілуде.
Қарашаның соңғы күндері жауын-шашын, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түсіп, тұман, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады деп болжанып отыр.
30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын – жаңбыр мен қар түседі. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, 30 қараша түнде:
Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
