in

Алматыда көшенің бір бөлігі жабылады

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы жүргізушілеріне бағыттарын алдын ала жоспарлауға тура келеді. Көшелердің бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған astana24.com.

Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"1 қараша сағат 05:00-ден 2 қараша сағат 08:00-ге дейін Солтүстік айналма тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.