ШҚО-да ауа райының қолайсыз болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 қазан сағат 21:00-ден бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 7–166 шақырымында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.
"Бүгін сағат 21:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары" автожолының 7 — 166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жолды 2026 жылы 31 қазан сағат 08:00–де ашу жоспарланған", – делінген хабарламада.
