Ертең, 31 қазанда Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 31 қазанда түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында шығыстан оңтүстік-батысқаойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 31 қазанда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 31 қазанда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 31 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 31 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Семейде 31 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз аталған елдімекендерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Өскеменде 31 қазанда түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі.
