in

Ақтөбе облысында балық жаппай қырылып жатыр

Ақтөбе облысында балықт жаппай қырылып жатыр. Мамандар оқиғаның себебін анықтау үшін су мен балықтан сынама алмақ, деп хабарлайды astana24.com Kazinform-ға сілтеме жасап.

Балықтардың қырылуы Ырғыз ауданындағы Бірсуат өзенінің саласында тіркелді.

Балықтардың қырылып жатқанын жергілікті тұрғындар хабарлады. Сазан, шортан, алабұға, табан балықтар мен көптеген шабақтың өлексесі жағаға жиналып қалған.

"Өзен саласында әлі де тірі балықтар бар, бірақ олар да қырылып жатыр. Су деңгейі төмендеп барады. Бұл – басқа көздерден су келмейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады", – деп хабарлады аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.