in

Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлап, уәдесін орындады (видео)

Отандық продюсер Баян Мақсатқызы бұдан екі ай бұрын сыйлауға уәде еткен пәтерді табыстады. Бұл туралы продюсердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Баян Мақсатқызы екі ай бұрын Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешованың пәтері жоғын естіп, оған Алматының кез келген ауданынан пәтер сыйлауға уәде еткен. Араға уақыт салып, продюсер уәдесін орындап, пәтерді актрисаға табыстады. Видеоны табыстау сәтін Баян Мақсатқызы желідегі парақшасына жүктеді.

"Шын жүректен, махаббатпен аңыз адамға", – деп жазды ол.

Продюсер пәтерді су жаңа жиһазбен және керек-жарақпен жабдықтағанын көруге болады. Ал қонақ бөлмеге ол Өтекешованың "Қыз Жібек" картинасындағы образы бейнеленген суретін ілген. Айтуынша, картина қазақстандық суретші суретті екі ай бойы салған.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Халық әртісіне Түркияның бес жұлдызды қонақүйіне жолдама сыйлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

апкреош.щ