Синоптиктер 22-24 қазан аралығында антициклон әсерінен Қазақстанда аяз болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Метеорологиялық қызметтің мәліметінще, жауын-шашын (жаңбыр, қар) әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді.
Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен Қазақстанның батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0… +5°С-тан -5…-10°С-қа дейін төмендейді.
"Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы …-2…-7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2…-7°С аралығында болады", – деді синопткитер.
