in

"Тариф көтерілді, сапасы төмендеді": Алматы тұрғыны үйінде лай су ағып тұрғанын айтып шағымданды

Алматыдағы Алмагүл шағын ауданының тұрғыны ыстық судың сапасына наразылық білдірді: ол жарты сағат ағызса да, су лай болып, бетінде қоқым қалқып жүргенған, деп хабарлайды astana24.com.

Threads желісінде @vital4eg есімді қолданушы Алматыдағы шағын аудандардың біріндегі ыстық судың сапасына қатысты наразылық білдірді. Оның айтуынша, суды ұзақ уақыт ағызса да, ол лай күйінде қалып отыр, ал бетінде жуып кетіруі қиын шөгінді пайда болады.

"Суды жарты сағат ағыздық. Бұл қалай болғаны? Тарифті көтеріп, судың сапасын керісінше төмендетіп жатыр ма? Бассыздық! Су есептегіш арқылы тонналап су өткізгеннен кейін де лай болып тұр, артынан жуылмайтын шөгінді қалады! Эмаль бүлініп жатыр! – деп жазды автор Алматы әкімдігіне жүгініп.

Ол мәселені шешуді талап етті, әйтпегенде бүкіл аудан тұрғындары e-Otinish сервисі арқылы жаппай шағым түсіре бастайтынын ескертті.

Пікірлерде "Алматы жылу жүйесі" мекемесінің өкілдері ыстық су сапасының неліктен нашарлауы мүмкін екенін түсіндірді.

Ыстық су сапасының уақытша нашарлауы жылу көзінен жылу тасымалдағышты өшіріп-қосуға байланысты. Сонымен қатар үйдің элеваторлық торабында тұнба жинағыш (ірі тазарту сүзгісі) орнатылуға тиіс. ПИК/МИБ тұнба жинағышты тексеріп, үйдің ішкі жүйесін жууы қажет", – делінген хабарламада.