Астана, Алматы мен Шымкентте 5 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,4 м/с болады.
Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін жетіп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с деңгейінде болмақ.
