in

Қазақстаннан Оманның танымал курортына тікелей әуе рейстері іске қосылды

Air Astana әуекомпаниясы Астана мен Алматыдан Оманның Салала қаласына рейстер ашты. Бұл туралы astana24.com Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Комитеттің Telegram-дағы арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 24 қазанда, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында, Air Astana әуе компаниясының Астана – Салала (Оман Сұлтандығы) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашты. Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда. Осылайша, қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.